Ә.Таразидің 85 жылдық мерейтойына орай Астанада үш күн бойы мәдени іс-шаралар өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә.Таразидің 85 жылдық мерейтойына орай Астанада үш күн бойы мәдени іс-шаралар өтеді

19.09.2018

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері  Әкім Таразидің 85 жылдық мерейтойына орай Астанада үш күн бойы мәдени-іс шаралар өтеді. Бүгін Қазақ ұлттық өнер университетінде профессордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды.

«Әдебиет шаһарының әкімі» атты көрме үш тақырыптық бөлімнен тұрады. Онда қаламгердің кітаптары мен көпшілік көп көрмеген фотосуреттер қойылған. Сондай-ақ, іс-шара барысында сегіз қырлы, бір сырлы қаламгердің байтақ мұрасы жайлы екі кітаптың таныстырылмы болды. Әкім Тарази қазақ әдебиетінде ешкімге ұқсамайтын өз стилі мен жолын қалыптастыра білген жазушы. Ол ақиқатты бүкпесіз, ашық айтудан айнымаған, шығармашылық өнерге аса жауапкершілікпен қарайтын дара суреткер. 

Әкім Тарази, жазушы:

-Адам өзін-өзі  аямай тәрбиелеу керек.  Өзіңді аямасаң ғана, өз арманыңа жетесің.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу