Ресейдің Омбы қаласында Шоқан Уәлихановтың ескерткіші жаңартылады
Ресейдің Омбы қаласында Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай ескерткіші жаңартылады. Қазақ халқының даңқты ұлына арналған ескерткіш қаланың қақ ортасында 2004 жылы қойылған еді. Қазақстанның Омбыдағы бас консулдығы ғимаратының жанында орнатылған ескерткішті қалпына келтіруге 1 115 000 рубль жұмсалады. Мердігер 28 тамызға дейін ескерткіштің негізін жаңартып, тұғырды гранитпен қаптап, іргелес тротуар плиталарын ретке келтіруі керек. Басты мақсат - ағартушының есімін жаңғырту. Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай Омбыдан бөлек, Ресейдің өзге де өңірлерінде бірқатар шара өткізу жоспарланып отыр.
Олег Федоренко, Омбы қаласы әкімшілігі мәдениет департаментінің директоры:
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов - ұлы адам. Оның еңбегін елеп, ескеруіміз қажет. Сондықтан Омбы қаласының мэрының тапсырмасы бойынша ескерткіші жергілікті бюджеттің қаражатына жаңартамыз деп шештік. Бүгінгі күні тұғырын қайта жөндеп үлгердік. Тағы бір жаңалық, жаңа ескерткіште қазақтың ұлттық арнаменті бейнеленеді. Бұл ескерткіш екі елдің достығының тағы бір айқын дәлелі.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 23 мың шақырту түседі
26.01.2026, 20:19
Қалалар Smart City жүйесіне көшіп жатыр
26.01.2026, 20:16
Ұлыбританияда жедел жәрдем қызметі шын мүқтаж адамдарға ғана жіберіледі
26.01.2026, 20:14
Деректерді өңдеу орталығы алқабын салу үшін 200 га жер бөлінді
26.01.2026, 20:13
«Теңіз» кен орнындағы зауыт қайта іске қосылды
26.01.2026, 20:12
Әлем жаңалықтарына шолу
26.01.2026, 20:12
Қазақстанда Нипах вирусын жұқтырғандар жоқ
26.01.2026, 20:11
Конституциялық комиссия: Білім берудің зайырлы сипатын бекіту ұсынылды
26.01.2026, 20:09