Түркістан облысында күріш жоспарланғаннан 4,7 есеге артық егілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында күріш жоспарланғаннан 4,7 есеге артық егілген

25.07.2025

Түркістан облысында «Қазсушар» мекемесінің Шардара және Мақтаарал өндірістік учаскелерінің басшылары жұмыстан уақытша шеттетілді. Аталған аймаққа ағын су тапшылығы мәселесіне орай арнайы іс сапармен барған Су және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңірде күріш жоспарланғаннан 4,7 есеге артық егілгенін сынға алды. Яғни биыл су тапшылығына қарамастан, «Қазсушардың» жергілікті филиалы диқандармен 13 мың гектарға күріш алқаптарын суаруға келісімшарт жасасқан. Салдарынан мақталықарға су жетпей жатыр. Ал Шардара су қоймасының маңында 24 заңсыз сорғы қондырғысы анықталды. Қазір министрліктің жұмыс топтары тәулік бойы кезекшілік жүргізіп, өңір каналдарындағы су деңгейін бақылауда ұстап отыр. Су беру кезекпен жүргізіліп, шаруалармен түнгі суаруға көшу және егіс айналымы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

Алдымен мақтаға су беріңдер. Жетісай бойынша күріш егуге қатысты барлық жерге кепілдік хат берілген. Егер күрішке су жетсе, онда су беріңдер. Себебі бастапқыда келісімшарт бойынша мақта егіледі делінген, бірақ маусым айында сендер оны өзгертіп жібердіңдер. Келісімшартқа отырдың ба шаруа қожалығына суды жеткізіп бер. Тәртіп болуы керек.

Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу