Ресейде психологтар мен коучтардың жұмысына талап қатаңдатылады
Ресейде енді психологтардың жоғары білімі болуы тиіс. Парламентте арнайы заң қабылданды. Психологтарға 5 жылда кемінде бір рет біліктілігін арттыру қажет болады. Заң 2026 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енуі керек. Сонымен қатар түрлі курс авторлары мен коучтардың да жұмысына шектеу қойылады. Яғни арнайы реестр құрылып, тек кәсіби біліктілігі дәлелденген, жоғары білімі бар мамандар ғана бұл салада жұмыс істей алады. Түрлі эзотерик, астрологтардың жарнамасы үшін де бір миллион рубль айыппұл қарастырылған. Өйткені бір жылда тұрғындар коучтар мен астрологтарға 100 миллион рубльге алданған.
Антон Ивлев, заңгер:
Коуч, психолог, астролог, нумерологтардың жұмысы заңмен реттелмеген. Сондықтан адамдардан ақша алып, алдап кеткен алаяқтардың саны артты. Енді тек кәсіби мамандар ғана қызмет көрсете алады, ал білімі дәлелденбесе, заң жүзінде жауап беріп, қылмыстық жауапқа тартылады.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Dota 2 бойынша жарыс өтіп жатыр
03.08.2026, 17:15
Аулаларда заңсыз орнатылған кедергілерді алып тастау бойынша рейд өтті
03.08.2026, 17:14
Алматы облысында жасөспірімдер қауіпсіздігі күшейтілді
03.08.2026, 17:11
Шымкентте тыйым салынған жерде шомылғандар жазаланды
03.08.2026, 17:11
Youth Eco Camp Turaqty Jol: үздік экожобалар анықталды
03.08.2026, 17:08
Ел жаңалықтарына шолу
03.08.2026, 17:07
Сайлау бюллетенінің үлгісі жарияланды
03.08.2026, 17:06
Премьер-министр ExxonMobil Upstream компаниясының президентімен кездесті
03.08.2026, 17:06