Жыл басталғалы 250 мың азамат жұмыспен қамтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басталғалы 250 мың азамат жұмыспен қамтылды

25.07.2025

Жыл басталғалы елімізде 250 мың азамат жұмыспен қамтылды. Оның 134 мыңы тұрақты негізде орналасқан. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов айтты. Халықтың әлеуметтік осал санаттарына өз ісін бастауға арналған мемлекеттік гранттарда жүйелі беріліп жатыр. Биыл барлығы 9 мың грант бөлінбек. Қаражат бизнес-жобаларды іске асыруға, қажетті құрал-саймандар мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалады. Ал мектеп оқушылары үшін «Мансап компасы» платформасы енгізілді. Ол оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. Қыркүйектен бастап 7–11 сыныптағы 100 мың оқушыны кәсіби бағдарлау жоспарланып отыр.

Асқар Биахметов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

Ағымдағы жылы қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға 50 мың жұмыссыз адамды жіберу жоспарланған. Өткен 6 айда оқумен 48 мың жұмыссыз қамтылды. 45 мыңға жуық адам skils еңбек порталында онлайн курстармен қамтылды. Оның ішінде 42 мың адам оқуды сәтті аяқтап, оқудан өткендігі туралы сертификаттарға ие болды.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу