Ресейде психологтар мен коучтардың жұмысына талап қатаңдатылады
Ресейде енді психологтардың жоғары білімі болуы тиіс. Парламентте арнайы заң қабылданды. Психологтарға 5 жылда кемінде 1 рет біліктілігін арттыру қажет болады. Заң 2026 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енуі керек. Сонымен қатар, түрлі курс авторлары мен коучтардың да жұмысына шектеу қойылады. Яғни арнайы реестр құрылып, тек кәсіби біліктілігі дәлелденген, жоғары білімі бар мамандар ғана бұл салада жұмыс істей алады. Түрлі эзотерик, астрологтардың жарнамасы үшін де бір миллион рубль айыппұл қарастырылған. Өйткені бір жылда тұрғындар коучтар мен астрологтарға 100 миллион рубльге алданған.
Андрей Свинцов, заң жобасының авторы:
Әрине, бәрінен бірдей құтылу мүмкін емес. Заңды бұзған алаяқтарды қатаң жазалаймыз, бас бостандығынан айырамыз. Өйткені бұл мәселе біздің қоғамда жылдан жылға ушығуда. Алданғандардың саны өте көп. Сондықтан енді әлеуметтік желілерде, басқа да платформаларда елге ақыл айтып, ақша табатындарды қадағалаймыз.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12