Астанада құтқарушыларға пәтер мен көлік кілттері табысталды
Елордалық құтқарушыларға пәтер мен қызметтік көліктердің кілтін табыстады. Салтанатты рәсімге Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысып, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту жұмысы жалғасатынын айтты. Бүгін жаңа баспанаға өрт сөндірушілер, жүргізушілер мен бөлімше командирлері ие болды. Сонымен қатар оқыс оқиғаларға шұғыл әрекет етуге мүмкіндік беретін жаңа қызметтік техникалар берілді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға мамандар алғыс айтты.
Нұржан Әміров, №16 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі:
Осы өрт сөндіру саласында жұмыс істеп жүргеніме 20 жылдан асып кетті. Осындай қуаныштар бола берсін. Қазақстанымыздың Президентіне, министр мырзаға, әкімдікке отбасым және бауырларымның атынан шексіз алғыс айтамын.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04