«Келешек мектептері»: БҚО-да 6 білім ордасы пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Келешек мектептері»: БҚО-да 6 білім ордасы пайдалануға беріледі

24.07.2025

Орал қаласындағы №53 орта мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Ұлттық жоба аясында бой көтерген бұл білім ордасына 4,6 млрд теңге бөлінген. 600 орындық мектепте қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, мектеп ауласы абаттандырылуда.

Былтыр Батыс Қазақстан облысында осындай 3 мектеп пайдалануға берілген. Биыл тағы 6 мектеп салынып жатыр. Соның үшеуі жаңа оқу жылында оқушыларды қабылдамақ. Қалғаны жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс.

Мердігер компания өкілдері кестеден кешікпейміз дейді. Жұмыс күші де, құрылыс материалдары да жеткілікті. Құрылыс барысы техникалық қадағалаушылар мен тапсырыс берушілердің тұрақты бақылауында. Аймақта «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 9 мектеп 8100 оқушыға арналған.

Ақжол Охасов, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ БҚОФ басшысы:

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарының 70 пайызы аяқталды. Бұл көрсеткішке техникалық жабдықтар кірмейді. Жабдықтар тамыз айының басында қойылады деп жоспарланып отыр.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу