Әскери қызметшілерге арналған жаңа цифрлық жүйе іске қосылды. Ол қызметі жағынан e-Gov порталына ұқсас. Енді әскери сала мамандары жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу арқылы құжаттарды онлайн рәсімдей алады. Жүйе арқылы: демалыс күндерін қадағалау, келесі атақтың қашан берілетінін тексеру, өзіне жүктелген тапсырмалармен танысу мүмкін болады. Бұдан бөлек, әскерилер енді шетелдік оқу орындарына біліктілік арттыруға өтінішті де онлайн бере алады.
Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары:
Бұл – электрондық кезек құру арқылы жүзеге асатын болады. Осылайша, оқуға жіберу туралы шешім ашық түрде қабылданады және сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. Жалпы, 2025 жылы электрондық форматта 70 мың цифрлық қызмет көрсетіледі.
Жәнел Өтеулі
