Ресейде нөсер жауынның салдарынан үйлерді су басты
Мәскеудегі нөсер жауын көшелерді шайып, көліктерді зақымдады. Нөсер салдарынан Ресей астанасының бірнеше ауданында бизнес және сауда орталықтарының автотұрақтарын су басты. Сондай-ақ көпқабатты үйлердің аулаларындағы көліктер де су астында қалды. Бірнеше күн бойы жауған толассыз жаңбырдың салдарынан бірнеше метро станциясы жұмысын тоқтатты. Нөсер жауын Ресейдің өзге де өңірлерін әбігерге түсірді. Мәселен, Якутия Республикасында 500-ден астам тұрғын үй су астында қалды. Құтқару жұмыстарына 200-ден астам маман, ондаған техника жұмылдырылған.
Антон Маркелов, Төтенше жағдай министрлігінің қызметкері:
Төтенше жағдай қызметкерлерінің күшімен бөгеттерді биіктету жұмыстары жүргізілуде. Жедел штаб құрылды. Үйсіз қалғандардың барлығы уақытша пунктерге орналастырылды. Құтқарушылардың санын арттыру жоспарланып отыр.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты
06.05.2026, 20:56
Өңірлік ғылымды дамытуға басымдық беріледі
06.05.2026, 20:54
Шоқан – қазақ ғылымының бетке ұстары
06.05.2026, 20:53
Ерлік пен Патриоттық егіз ұғым
06.05.2026, 20:48
«Тұлпармен өткен бір күн» атты этно-танымдық шара өтті
06.05.2026, 20:46
Әкелер арасында волейболдан жарыс өтті
06.05.2026, 20:45
Мәйіттік ағза донорлығы адам өмірін сақтап қалуда
06.05.2026, 20:22
«Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылысқа қатысты тергеу аяқталды
06.05.2026, 20:18