Өзбекстанда энергия тұтыну мөлшері рекордтық деңгейге жетті
Өзбекстанда аптап ыстықтан электр қуатын тұтыну рекордтық деңгейге жетті. Оның тәуліктік мөлшері тіпті қыстағы көрсеткіштен де асып түскен. Ұлттық диспетчерлік орталықтың мәліметінше, максималды жүктеме 21 шілдеде тіркелген. Осы күні тұтыну мөлшері - 13,3 ГВт-ты құрады. Ми қайнатар ыстықта халық жаппай салқындатқыш пен тоңазытқыштар қосады. Желілер шамадан тыс жүктемені көтере алмай, апат жиілеген. Салдарынан, жарық өшіп жатыр. Шілде айы басталғалы, қуатқа сұраныс әдеттегіден 11%-ға артып кеткен. Сарапшылар, мұндай проблема жыл өткен сайын шиеленісе беретінін, мәселені түбірімен шешпесе болмайтынын айтады.
Бахтиёр Эргашев, экономикалық сарапшы:
Атом электр генерациясы тұрақты өндіріліп тұратын қуат көзі екені белгілі. Жасыл энергия өндіру ісінен әлем елдерінің ешқайсысы шет қалмайды. Себебі жыл сайын қуатқа деген сұраныс арта бермек. Ал оның үдесінен шығудың бір жолы тұрақты әрі сенімді энергия өндіруші нысан құру.
Базаргүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12