Мәскеуде нөсер жауынның салдарынан үйлерді су басты
Мәскеудегі нөсер жауын көшелерді шайып, көліктерді зақымдады. Нөсер салдарынан Ресей астанасының бірнеше ауданында бизнес және сауда орталықтарының автотұрақтарын су басты. Сондай-ақ, көпқабатты үйлердің аулаларындағы көліктер де су астында қалды. Бірнеше күн бойы жауған толассыз жаңбырдың салдарынан бірнеше метро станциясы жұмысын тоқтатты. Нөсер жауын Ресейдің өзге де өңірлерін әбігерге түсірді. Мәселен, Якутия Республикасында 500-ден астам тұрғын үй су астында қалды. Құтқару жұмыстарына 200-ден астам маман, ондаған техника жұмылдырылған.
Антон Маркелов, төтенше жағдай министрлігінің қызметкері:
Төтенше жағдай қызметкерлерінің күшімен бөгеттерді биіктету жұмыстары жүргізілуде. Жедел штаб құрылды. Үйсіз қалғандардың барлығы уақытша пунктерге орналастырылды. Құтқарушылардың санын арттыру жоспарланып отыр.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурызнама аясында дәстүріміз дәріптелді
16.03.2026, 20:59
Ұлттық қолөнер - ұлттық бренд
16.03.2026, 20:56
Қазақстан байрағы әлемдегі ең үздік мемлекеттік ту деп танылды
16.03.2026, 20:49
Паралимпиада: Спортшыларымыз жарысты екі медальмен аяқтады
16.03.2026, 20:46
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты үндеу жасады
16.03.2026, 20:17
Референдум – демократияның жарқын көрінісі
16.03.2026, 20:14
Конституциялық реформаға сарапшы пікір білдірді
16.03.2026, 20:13
Сарапшылар: Жаңа Конституция адам капиталын дамытуға ықпал жасайды
16.03.2026, 20:11