Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта орала ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта орала ма?

22.07.2025

Брексит бойынша өткен тарихи референдумнан кейін халықтың пікірі өзгерді. ЕуроОдаққа мүше ірі елдердің азаматтары ғана емес, британиялықтар да көпшілігі Тұманды Альбионның Одаққа қайта қосылғанын қалайды. Бұған соңғы жүргізілген сауалнама дәлел. 

YouGov халықаралық зерттеу ұйымы жүргізген сауалнама Франция, Германия, Италия және Испания сияқты ЕуроОдақтың алдыңғы қатарлы елдерін қамтыды. Респонденттердің жартысынан астамы Брексит қате бастама болды деп жауап берген. Британ халқының көпшілігі де сондай пікірде.

Бірақ елдегі оппозицялық партиялар бұл ұсынысты қолдамайды. Ел үкіметі ЕуроОдақпен тығыз ынтымақтастықты жалғастырғысы келеді, бірақ мүшелікке қайта кіруді жоспарламайды. Тіпті кедендік одақ құруды да жөн көрмейді. 

Кир Стармер, Ұлыбритания премьер-министрі:

Кедендік одаққа кіру ұлттық тәуелсіздігімізге сын. Ол автокөлік өнеркәсібі мен өндіріс секілді салалардың экономикалық мүдделеріне кері әсерін тигізуі мүмкін.

Кей сарапшылар экономикаға тықыр таянса, кедендік одақ құру мүмкіндігі қарастырылуы ықтимал деп отыр.

Дэвид Хениг, Еуропалық халықаралық саяси экономика орталығының жоба директоры:

Брекситтен кейін Британия экспорты 21 пайызға азайды. Оған шекаралық бақылау, қағазбастылық және басқа да кедергілер себеп болды.

Брекситтен кейін оң үдерістер де байқалды. Еуропа елдерімен сауда, қорғаныс және студент алмасуға байланысты жаңа келісімдер орнатылған.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу