Түркістан облысында 51 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 51 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

04.07.2025

Түркістан облысында 51 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жерлер кезінде азаматтарға ауыл шаруашылығы мақсатында берілгенімен, оларды жылдар бойы пайдаланбағаны анықталған.

Ал өткен жылы елді мекендерді қоғамдық жайылымдармен қамту мақсатында 68 мың гектар жайылым мемлекет меншігіне өткен еді. Десе де, өңірде жайылым тапшылығы әлі де өзекті. Мал басына шаққанда 540 мың гектарға жуық жайылым қажет.

Сондықтан аймақта жұмысшы топ құрылып, олар 4 мыңға жуық жер пайдаланушының 372 мың гектар жайылымында мал басы тіркелмегенін анықтаған. Қазір осыған байланысты аудан, қала әкімдіктерінде жайылым жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Биыл жыл соңына дейін облыста 110 мың гектар жер учаскесін мемлекетке қайтару жоспарланған.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу