Елімізде өңірлік травматологиялық орталықтар ашылады
Қазақстанда өңірлік травматологиялық орталықтар ашу жоспарланып отыр. Мұндай мекемелер аймақта медициналық көмек сапасын арттырып, пациенттер жылдам көмек алуға сеп болады. Бұл бастама туралы бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтылды. Орталықтар ірі медициналық жоғары орындарының базасында құрылмақ. Ал пилоттық режимде Балқашта іске қосылады. Бұған қаланың географиясы әсер етіп отыр. Қала облыс орталығынан алыста және республикалық жолдардың бойында орналасқан. Сондай-ақ бұл учаскеде жол апаты көп болады.
Олжас Бекарысов, ҚР ДСМ «Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК директоры:
Еліміздің географиялық ерекшеліктерін, шалғай орналасқан елді мекендер мен халық тығыздығының әркелкі екенін ескерсек, бұл мәселе өте өзекті. Өңірлік травматологиялық орталықтардың функциясы – халықаралық тәжірибе мен озық технологияларды енгізу, мамандандырылған көмек көрсету және жоғары технологиялық медициналық көмекті күту уақытын қысқарту.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті
23.07.2026, 17:26
«Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты
23.07.2026, 17:24
Ел жаңалықтарына шолу
23.07.2026, 17:23
Павлодар облысында ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ереже бұзуы 3 есе азайған
23.07.2026, 17:21
Отандық ұшқышсыз жүйелер мен кешендер «Спасск» полигонында сынақтан өтті
23.07.2026, 17:19
Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөлді
23.07.2026, 17:18
Биыл елде 150 ағза трансплантациясы жасалған
23.07.2026, 17:15