Түркістан облысының бірқатар аудандарында биылғы көктем жауын-шашынсыз болып, жердің ырыздығын ортайтып тастады. Қуаңшылықтан 300-ден астам шаруашылықтың күзде сепкен бидайы қарыс сүйемнен әрі өсе алмай, масақ комбайнға да ілікпей қалды. Өңірде егін орағы басталғанымен қамбаға құйылып жатқан астық жылдағыдан бірнеше есе аз.
Былтыр күзде 2 мың гектарға дән сепкен мына шаруашылық жұмсаған шығынан да қайтара алмайтын түрі бар. Тамырына ылғал жетпеген егін өспей қалған. Жылдағыдай иіліп тұрған масақ та жоқ. Онан түскен пайда комбайн мен тракторға құйған жанармай мен тасымал шығынын әзер жабады,-дейді шаруа.
Пернехан Байысов, шаруа:
Кешелі бері орып жатырмыз. Жартысына барып қалдық әлі бір машина толтыра алмай жатырмыз. Бидайдың сапасының төмендігі соншалық дән аш. 840 гектар жер оруға жарамсыз.
Өңірдегі бидай еккен 300-ден астам шаруашалықтың қазіргі жағдайы осы.
Шаруалар шарасыздықтан егістікті ормаған күйі осылай тастап кетіп жатыр. Өйткені комбайнның шығыны шаш етектен. Ал 1 гектардан жиналып жатқан астық небәрі 200 килограммға жетер жетпес. Оның өзі жетілмей, семіп қалған мынадай дәндер.
Биылғы егін орағына 1 жарым мыңнан астам техника сайланған. Арзымайтын дәнді жиып алу үшін егістіктің арғы шеті мен бергі басына салқылдап барып, қайтып жүрген техникалар да жиі бұзылады екен.
Бақыт Орашбеков, комбайнер:
Сабан жоқ болғаннан кейін бұзыла береді. Топырақ жұтады, техника сына береді. Бос айналып тұрады денесінің бәрі. Міне матор кетті. Мардымсыз болайын деп тұр не табатынымызды бұдан білмейміз.
Астық өсірушілер қауымдастығы шаруалардың басындағы осы қиын жағдайды көктемнен бері айтып, дабыл қағып келеді.
Мұхтар Бимат «Арпа, бидай ас екен» қауымдастығының төрағасы:
Биыл шаруалар 100 пайыз банкрот болды. Енді күзге қарай тұқым жағынан көмектесіп, несиені тоқтатпаса шаруалар енді бидай егеді деп айта алмаймын. Өйткені бидайдың бәрі пұш болып қалған.
Шарулардың жанайқайынан соң өңірде жұмыс тобы құрылып, олар 49 мың гектардай егіс алқабы оруға келмей тұрып күйіп кеткенін анықтаған.
Ақтөре Түймебек, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
Несиелердің қайтару мерзімін шегеру және «Қазагроқаржы» АҚ арқылы 5 пайызбен техниканы лизингке алған. Аталған шаруалар тізімі нақтыланып, қазіргі таңда ҚР ауылшаруашылығы министрлігімен тиісті шаралар жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы министрілігі өкілдері табиғаттың қолайсыз жағдайынан шығынға ұшыраған шаруаларға барынша қолдау көрсетілетін айтты.
Ербол Тасжүреков, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Егер де шаруалар несие алған болса, әкімдікпен бірге жергілікті жердегі филиалдар, басқа да қаржы институттарына тікелей өтініш беріп, жеке қарастыратын болады. Одан бөлек сақтандыру келісімшарттары жасалған болса сақтандыру компаниялары шығындарын өтейтін болады.
Биыл түстіктің шаруалары 200 мың гектардан астам жерге күздік бидай сепкен. Бұл былтырғыдан 3 мың гектарға көп.
Ғани Қалмаханов
