Елімізде «Naqty onim» қосымшасы әзірленді
Тауарлардың заңсыз айналымына қарсы күрестің тиімді құралдарының бірі - цифрландыру. Бүгінде Қазақстанда темекі өнімдеріне, аяқ киім бұйымдарына және дәрілік заттарға міндетті таңбалау енгізілген. Сауда және интеграция министрлігі биыл жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын, сыра сусындарын, мотор майларын, зергерлік бұйымдарды сәйкестендіру құралдарымен қамту жоспарланып отыр. Бұл тауардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолын бақылауға, заңсыз өнімнің әкелінуі мен айналым тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Ведомство өкілі тауарлардың түпнұсқасын қалай тексеруге болатыны туралы да айтты.
Әсет Нүсіпов, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
«Naqty onim» қосымшасы әзірленді. Оны жүктеп, сәйкестендіруден өткеннен кейін Data Matrix-ті басып, қосымшадан тауардың қашан өндірілгенін, қоймаға жөнелтілгенін, көтерме және бөлшек сауда орындарына түскені туралы білуге болады. Барлық ақпарат мобильді қосымшада толық ұсынылған.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды
21.01.2026, 21:56
Жастар құрылтайда көтерілген бастамаларды қолдап отыр
21.01.2026, 21:11
«Оң өзгерістер болашағымызға зор ықпалын тигізеді»
21.01.2026, 20:29
«Ұлттық цифрлық мұра» қоры әзірленбек
21.01.2026, 20:26
Ақтөбеде шаруалар малдың санына емес, сапасына көңіл бөле бастады
21.01.2026, 20:22
Әлемнің өзекті және қызықты жаңалықтарына қысқаша шолу
21.01.2026, 20:20
Бір палаталы Парламентке көшу - әлемдік тәжірибедегі тиімді модель
21.01.2026, 20:17
Елімізде 33 миллиард тоннаға жуық көмір қоры бар
21.01.2026, 20:12