Атырауда жас ақын-жазушылардың антологиясы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жас ақын-жазушылардың антологиясы жарыққа шықты

17.05.2018

Оқырманға жол тартқан кітаптың атауы «Алаужыр» деп аталады. 25 жас ақынның тың шығармасы енген жинақта проза мен поэзия жанрындағы туындылар топтасқан. Кітаптың таныстырылымына қоғам қайраткерлері қатысты. Кеш соңында ақындар өлең оқып, жырдан шашу шашты. Айта кетейік, мұнайлы өңірде 2 жыл бұрын «Фариза жұлдыздары» атты клуб құрылған болатын. Бұл орталық шығармашылыққа бейімі бар жастардың басын қосып, қанаттандыруды көздейді. Жыр жинаққа енген авторлар - осы клубтың алғашқы қарлығаштары.

Әлия Дәулетбаева, ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты:

- Болашақта жыр жинақтары қалыңдайды деген сенім бар. Ақындар үшін де бұл үлкен мүмкіндік. Туынды махаббат, патриоттық тақырыпты қамтыды. Бұл - «Фариза жұлдыздарының» үлкен жетістігі.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу