«Заманауи Қазақстан суретшілері антологиясы» жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Заманауи Қазақстан суретшілері антологиясы» жарыққа шықты

07.12.2018

Жинаққа 60 автордың 180 кескіндемесі енгізілген. Қылқалам шеберлерінің туындыларын іріктеу «Жаһандану әлеміндегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбына сәйкес жүргізілді. Қазылар құрамында халықаралық деңгейде мойындалған сарапшылар болды. Жалпы, үздіктерді анықтау барысында 250-ден астам суретшінің 500-дей еңбегі түскен.  

Үмітхан Мұңалбаева, Ұлттық академиялық кітапхана директоры:

- Суретшілер арқылы біздің әдебиет пен мәдениетті және біздің тарихымызды көрсететін кітаптың бүгін тұсауы кесілді. Ғылыми-зерттеу институтының үлкен еңбегі.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу