Ресейде кене шағып, ауруханаға түскендердің саны күрт артты
Ресейде кене шағып, ауруханаға түскендердің саны күрт артты. Жаз басталғалы кене шаққан 266 мыңнан аса адам медициналық көмекке жүгінген, бірнеше тұрғын қайтыс болды. Мамандар биыл кене шағу оқиғасы былтырғы кезеңмен салыстырғанда екі есе өскенін айтады. Жәндіктен қырым-конго безгегін жұқтырғандар да бар. Жалпы Ресейде 2025 жылдан бері вирустық энцефалитке қарсы 3 миллионнан астам адамға вакцина егілді.
Ирина Черкасова, дәрігер-терапевт:
Биыл қыс жылы болды. Сондықтан кене шағу оқиғалары ерекше көп. Жұқпалы ауруларды таратпау үшін қауіпсіздік талаптарын сақтаған дұрыс. Сондай-ақ екпе егу міндетті. Айта кетейік, барлық емханаларда кенеге қарсы екпе тегін. Қырым-конго безгегін жұқтырғандар карантинге жіберіледі.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12