Шопырсыз жүретін көлік қоғамдық көлікке айналмақ
Қалада автобус, трамвай және метро сынды транспорт түрлері бар. Олар тұрғындарға өте тиімді. Енді сол тізімге шопырсыз, өздігінен жүретін көліктер де енеді. Мұндай бастама Германияның Ланген қаласында сынақтан өтті. KIRA атты жобаның көліктер жасанды зейіннің көмегімен айналаға қарап, бағыт таңдап, адамдарды тасиды. Жүйе кәдімгі такси шақыру сервистері сияқты жұмыс істейді. Жолаушы А және Б нүктелерін қосымшаға енгізеді. Енді, келешекте бұл көліктерді қоғамдық транспорттың бір бөлігі ету жоспарланып отыр.
Каве Мансори, Хесси көлік министрі:
Бұл керемет! Біз Ланген теміржол бекетіне дейін жол жүрдік. Көлікте қауіпсіздік жөнінде маман да отырды. Дисплейде жасанды интеллект нені көріп жатқанын бақылауға болады. Бұл көлік жолда өте сақ әрі мұқият қозғалады.
Үй шаруасына көмектесетін робот
Бұл «Тайдибот». Ол үйдегі ұсақ-түйек жұмыстарға көмектеседі. Жеміс-жидектерді сұрыптап, киім-кешектерді реттей алады. Тіпті мөр де басады. Жобаны Стэнфорд университетінің зерттеушілері жүзеге асырған. Робот түрлі тапсырманы орындауды үйрену үшін ЖИ қоладанады. Көптеген деректерді өңдеп, заттың түсі мен пішінін анықтайды. Оны смартфон арқылы ары-бері қозғалтып, алақанын ашып-жабуға болады.
Робот-аспаз сағатына 100 пицца дайындайды
Ал бұл робот пиццаның түр-түрін дайындайды. Мысалы, пеппорони әзірлеу үшін иленген қамырды техниканың ішіне қойсаңыз болды. Қалған тұздығын да, ірімшігін де, шұғықтарын да салып береді. Бұл мейрамханаларға таптырмас шешім болды. Қазір XRobotics компаниясы шығарған жүйе сағатына 100 пицца дайындай алады.
Темірлан Нұржанұлы
