Семейде «Алаштың нар жігіті» атты байқау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Алаштың нар жігіті» атты байқау өтті

15.05.2018

25 пен 40 жас аралығындағы, түрлі ұйымдар мен мекемелерде еңбек ететін 8 сайыскер сынға түсті. Олардың арасында мұғалімдер, әскери қызметкерлер мен кәсіпкерлер бар. Қатысушылар 5 кезең бойынша бақ сынады. Сегіз қырлы, бір сырлы азаматтар мергендік, кір тасын көтеру, ұлттық нақыштағы киім үлгісі мен шығармашылық байқауда өзара мықтыны анықтады.  Әділ қазылар алқасының шешімімен «Ақшың» корпорациясының әкімшілік директоры Ерлан Жақып бас жүлдені жеңіп алып, «Алаштың нар жігіті» атанды. 

Дарын САҒИТОВ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу