Қызылордалықтар қала күнін бір жұма тойлайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалықтар қала күнін бір жұма тойлайды

13.10.2014
Қызылордалықтар қала күнін бір жұма тойлайды

Қазан айының екінші онкүндігінде Қызылордада қала күні мерекесін өткізу жоспарлануда. Мереке аясында әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру, қаланың дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттау, арзан бағада ауыл шаруашылығы өнімдерінен жәрмеңкелер өткізу және өзге де түрлі мәдени  шаралар өткізу жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

13-19 қазан аралығында түрлі сипаттағы шаралар өтеді. Оның ішінде «Сыр – Алаштың анасы» тақырыбында жас ақындар мүшайрасын, «Әнім сенсің Қызылорда» атты облыстық композиторлар мен жас әншілер байқауы ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар сала мамандарының бастамалары мен шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында «Қызылордалықтар таңдауы» атты байқау өткізілуде. Байқау барысында түрлі саладағы ең үздік мамандар қызылордалықтардың өз дауысы, таңдауы негізінде анықталады.

Негізгі мерекелік шараларға келетін болсақ, 17 қазанда «Мерей мәртебем–Қызылорда» атты қала күніне арналған салтанатты шара өткізіледі. 17-18 қазанда қалада салынып жатқан балалар спорт және ойын алаңдары, Ақсуат, Қызылжарма ауылдық окруктеріндегі балабақша мен амбулатория, Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойындағы тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарлануда. 18 қазан күні қала күніне арналған эстрада жұлдыздарының гала концертімен және отшашумен жалғастырылады. 19 қазанда қаланың 9 аумағында қала және аудандардың ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Хабарламаларға жазылу