Қазақ жылқышыларының тұрмыс-салты ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени құндылықтар тізіміне енуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ жылқышыларының тұрмыс-салты ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени құндылықтар тізіміне енуі мүмкін

11.05.2018

Бұл мәселе Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында өткен семинарда кеңінен талқыланды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» арнайы жобасын іске асыру аясында өткен шараға отандық және Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз елдерінің мәдениет саласы қызметкерлері,  сондай-ақ, ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері  қатысты. Мәдени мұраны түгендеу және сақтау саласында қорық-мұражайлар жұмысын дамытуға қатысты мәселелер ортаға салынды.

Мәселен, осы Ұлытау ауданының Терісаққан ауылында қазақ жылқышыларының көктемгі тұрмыс мәдениеті жақсы сақталған. Жылда көкмайса кезінде «бие байлау», «асау үйрету», айғыр қосу», «қымызмұрындық» сынды жергілікті тұрғындардың жаппай  қатысуымен шара өтеді. Соңғы үш жылда бұл шетелдіктер көптеп келетін ауқымды этнофестивальге айналып отыр.

Бахтияр Қожахметов, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және қорық-мұражайының директоры:

- ЮНЕСКО өкілдері үш жылдан бері зерттеу жүргізіп, өздерінің қызығушылықтарын білдіруде. Биыл ЮНЕСКО жанындағы материалдық емес құндылықтарды тіркеу жөнінде номинация бар. Соған енгізу үшін жұмыстар жасалып жатыр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу