Қарағанды облысында «Ұлытау қымызы» этнофестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында «Ұлытау қымызы» этнофестивалі өтті

03.07.2017

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай «Ұлытау қымызы» этнофестивалі өтті. Бұл жылқы жануарын дәріптейтін, қазақтың болмысы мен өмір салтын айқын көрсететін кең ауқымды іс-шара. Бұған дейін жергілікті ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының  қызметкерлері тек қазақ жылқышыларына ғана тән тұрмыс-салтты адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізу үшін ЮНЕСКО халықаралық ұйымына өтінім жіберген еді. Сөйтіп, 2018 жылы құндылықтар тізіміне қосылатын болды. Бір кездері Ұлытаудың аядай ғана Терісаққан ауылынан бастау алған мәдени шара биыл алғаш рет аудан деңгейінде ұйымдастырылды.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ  

Хабарламаларға жазылу