Асық ойындары ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асық ойындары ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енуі мүмкін

14.03.2014
Асық ойындары ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енуі мүмкін

Еліміздің материалдық емес мәдени мұралары, оның ішінде бізге ғана тән бүркітпен аңға шығу мен дәстүрлі асық ойындары ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін. Маңызды жоспарды жүзеге асыру бағытында бүгін ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия кезекті кеңейтілген отырысын өткізді.

 
ЮНЕСКО тізіміне ену үшін наурыздың соңына дейін әр ел өзінің ұсынып отырған мәдени мұрасына қатысты 10 минуттық деректі фильм және сапалы суреттер ұсынуы тиіс.
 
Басқосу барысында мамандар мен сарапшылар 9 аталым бойынша сайысқа жіберілген материалдардың кемшіліктерін жіпке тізіп, толықтыратын тұстарын тізбеледі. Алда осындай үш кездесу өтеді.
 
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу