Стамбұлда Украина мен Ресей келіссөзі басталды
Стамбұл қаласында Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің екінші раунды басталды. Шамамен бір жарым сағат бұрын басталған жиынға қос елдің делегацияларынан бөлек Түркияның Сыртқы істер министрі де қатысып отыр. Үш жылдан артық соғысып жатқан қос елдің бейбіт келіссөздері қалай өтіп жатыр?
Айдос Әшімұлы, тілші:
Әзірге тараптардың нақты бір келісімге келген, келмегені жөнінде айту қиын. Себебі келіссөздер жабық есік жағдайында, яғни ақпарат құралдарының қатысуынсыз өтіп жатыр. Жиын жалғасып жатқандықтан, әлі ресми мәлімдеме жасалмады. Дегенмен саяси сарапшылардың пікірінше, соғысушы екі тарап та келіссөздердің нәтижелі аяқталуына мүдделі. Сондықтан бүгінгі бейбіт жиыннан кейін екі ел соғысты толық аяқтау жөнінде келісім болмаса да атысты уақытша тоқтату туралы ымыраға келулері мүмкін. Бүгінгі жиынға екі елден келген делегациялар құрамында қандай да бір өзгеріс жоқ. Ресей тарапын Владимир Путиннің көмекшісі Владимир Мединский бастап келсе, Украина жағын елдің Қорғаныс министрі Рүстем Өміров бастап келген. Егер бейбіт келіссөздер бүгін кешке дейін аяқталып, тараптар қандай да бір шешімге келсе, алдағы шығарылымдарда бұл туралы хабарлаймыз.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан армиясы цифрлық жүйеге көшіп жатыр
07.05.2026, 20:51
Ясауи еңбектері терең зерттеуді қажет етеді
07.05.2026, 20:09
«Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі өтті
07.05.2026, 20:08
Президент стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады
07.05.2026, 20:08
Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің ерлігі мен еңбегі дәріптелді
07.05.2026, 20:05
Отан қорғаушы күні атап өтілді
07.05.2026, 20:05
Бельгияда жерленген қазақстандық сарбаздарға тағзым етілді
07.05.2026, 20:05
Талдықорғанда патриоттық рухты дәріптейтін мурал салынды
07.05.2026, 20:05