Мемлекет басшысы Германия Бундесратының президентімен кездесті
Қазақстанның мемлекеттік құрылымы өзгермейді, президенттік басқару жүйесі бұрынғы қалпында сақталады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Германия Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесуінде айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға елдегі саяси реформалар туралы мәлімет берді. Германияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы негізгі стратегиялық серіктесі ретінде атады. Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақты нығайту мәселелері талқыланды. Өз кезегінде Анке Релингер елдер игілігі жолында ортақ мақсаттарды ілгерілетуге дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Заңнамаға, ең әуелі, Конституцияға жасалған өзгерістер Қазақстанның жаңғыру жолына түбегейлі түскенін көрсетеді. Әрине реформалар жалғасып жатыр. Құқық қорғау және сот жүйесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл – өте маңызды. Бірақ мемлекеттің құрылымы, мен бұл жерде президенттік басқару жүйесі туралы айтып отырмын, бұрынғы қалпында сақталады. Өйткені қазіргідей алмағайып кезеңде мемлекеттің сипаты осындай болуға тиіс. Бұл біздің түсінігімізге сай келеді.
Анке Релингер, Германия Федеративтік республикасы Бундесратының президенті:
Ой-пікір алмасуға уақыт бөлгеніңіз үшін көп рақмет. Сіздің ыстық ықыласыңызды Федералдық Президент Штайнмайерге жеткіземін. Ол – Қазақстан мен Орталық Азияның шынайы досы. Қазақстан орта держава ретінде біздің осы өңірдегі негізгі серіктесіміз.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22