Аймақтарда бала құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар құрылады
Облыс әкімдіктері жанынан бала құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма құрыла бастады. Сондай-ақ балаларды қорғауға жауапты өңірлік органдардың міндеттері мен мәртебесін айқындайтын заң жобасы дайындалып жатыр. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтарын қорғауға кепілдік беру жүйесін нығайтып, жеткіншектерді жан-жақты қолдау тетігін қалыптастыру үшін әкімдіктер мен өңірлік уәкілдердің күш-жігерін жұмылдыру маңызды екенін айтты. Бұдан бөлек мектептердегі инклюзив білім беру ісін дамытуды көздейтін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.
Динара Зәкиева, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:
Қабылданған заңдардың орындалуының сапасын тексеру үшін және балалардың құқықтарын қорғау жүйесін тексеру үшін 13 өңірде, 73 елді мекенде жұмыс істедік. Сонымен қатар балаларға арналған мекемеде, мектептерде, интернаттарда анонимді сауалнамалар жүргіздік. Сондай-ақ балалармен кездестік. Нәтижесінде 171 мәселе анықталды.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22