Алматыда 2 жұмысшы тоққа түсіп қалды
Алматыдағы «Жастар» тұрғын үй кешенінде екі электрик токқа түсті. Куәгерлердің айтуынша, жұмысшылардың киімдері лезде жанып кеткен. Яғни, жалын бірден тұтанып, күйік шалған екеу есінен танып қалған. Оқиға орнына дереу келген жедел жәрдем қызметі зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оларды ауруханаға алып кеткен. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі ер адамның денелерін II–III дәрежедегі күйік шалған. Қазір науқастар аурухананың анестезиология, реанимация және қарқынды бөлімшесіне жатқызылды. Алмалы аудандық Полиция басқармасы осы оқиға бойынша тексеру шараларын жүргізуде. Келеңсіз жағдай кімнің кінәсінен орын алғаны анықталып, заң аясында шара қолданылады.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12