Ерлан Қарин ЮНИСЕФ-тің аймақтық директорымен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин БҰҰ Балалар қорының Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Реджина Де Доминичиспен кездесті. Ерлан Қарин елімізде балаларды қорғау саласында қолға алынып жатқан негізгі реформалар туралы, соның ішінде психологиялық және отбасылық қолдау орталықтары желісін дамытуға және зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алуға арналған жұмыстар жөнінде айтып берді. Сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарын біріктіретін «Қазақстан балалары» атты кешенді бағдарламаға тоқталды. Кездесуге Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қатысты. Ол суицидтің, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алуға бағытталған шараларды қамтитын «Safe Kids» атты ұлттық бағдарламаны таныстырды. Жиын қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі тереңдетуге және өскелең ұрпақтың игілігі үшін бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделі екенін растады.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы