Елімізде ҰБТ басталды
Бүгін елімізде негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу бас¬талды. Науқан 7 шілдеге дейін жалғасады. Биыл елдегі білім ошақтарынан 216 мыңға жуық түлек түлеп ұшса, соның 85 пайыздан астамы басты сынақтардың бірінен өтуге ниет білдірген.
Ернұр Медет, тілші:
Бүгін түлектердің бабы мен бағы сыналар сәт. Жүздерінен аздап қобалжу да байқалады. Жаңа дәл 1 сағат бұрын, 9:00 де тестілеу басталды. ҰБТ-ның алғашқы күнінде ел бойынша 4500-нан астам оқушы тест тапсырып жатыр. Әдеттегідей, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әр түрлі қитұрқы әрекеттердің алдын алу үшін қатаң тексеріс жүргізілді. Телефон, шпаргалка сынды біршама тыйым салынған заттар кіре берісте қалды. Жалпы талапкерлердің 75%-қазақ тілінде, 25%-ға жуығы орыс тілінде, 266 оқушы ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірген екен. Ал сынақ тәртібінде ешқандай өзгеріс жоқ. Бәрі бұрынғыдай. 5 пән. 140 сұрақ. Ал, сан сауалдың жауабын табуға 4 сағат уақыт беріледі. Әзірге осы. Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні туралы толықтырып қорытынды жаңалықтарда айтамын.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13