Ұлттық тестілеу орталығы хабарлауынша, мектептердегі соңғы қоңырауға байланысты ҰБТ тапсыру күндерінде өзгерістер енгізілді. Енді 23 мамырға тіркелген талапкерлер емтиханды 25 мамырда, ал 24 мамырға тіркелгендер 1 маусымда тапсырады. Толық ақпарат талапкерлердің app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинеттерінде жаңартылып, SMS арқылы да хабарланады.
