Соңғы бес жылда жасөспірімдер арасындағы жүктілік 43%-ға азайды. Туу және жасанды түсік жасау көрсеткіштері де төмендеді. Бұл бағыттағы жұмысты күшейту мақсатында елімізде жастарға арналған 103 денсаулық орталығы жұмыс істейді. Репродуктивті денсаулық апталығы аясында өңірлерде ашық есік күндері ұйымдастырылып, жастар мамандардан кеңес алып, қажетті тексерулерден өтуде.
Жұлдыз Әлпілам, Көкшетау қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары:
«Облысымызда 78 жасөспірім қызда жүктілік тіркелген. Жас қыздардың организмі толық жетілмегендіктен, жүктілік пен босану кезінде асқынулар, қан кету, түрлі травмалар болуы мүмкін. Сондықтан жасөспірімдердің денсаулығын қорғау маңызды».
