Жетісу облысындағы жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысындағы жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

20.09.2022

Жетісу облысындағы Текелі қаласында жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды. Нысан бір мезетте 70-ке жуық адамды қабылдай алады. Жастарды жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы бойынша кеңес беріліп, психологтар жұмыс істейді. Сондай-ақ, олардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған коворкинг бөлмесі, интернет кафе, мәжіліс залдары бар. ІТ технология, робототехниканы меңгерем деген оқушылар мен студенттерге де жағдай жасалған. Ал салауатты өмір салтын ұстанатын өрендерге жаттығу залы, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ клубтары ашылған. Орталық қазірдің өзінде 125 жасты жұмыспен қамтыды.

Әбілмансұр Болатбеков, Текелі қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

Биылғы жылы пилоттық жоба ретінде «Жас Project» бағдарламасы бойынша гранттар бөлінген болатын. Сол гранттарға біздің қаламыздан 8 жас қатысты. Қазіргі уақытта ол кісілердің жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу