Жастарға арналған әлеуметтік жобалардың саны артты

24.06.2014
Жастарға арналған әлеуметтік жобалардың саны артты
Елімізде жастарға арналған әлеуметтік жобалардың саны артып келеді. Бұл - ел Үкіметінің жастарға үлкен сенім артуының нақты көрінісі.
 
Қазір Қазақстанда 7626 жалпы білім беретін мектеп, 849 техникалық және кәсіби білім беретін колледж бен 131 жоғары оқу орны бар.
 
Білім беру мекемелерінде 987 Жастар ісі жөніндегі комитет құрылған. Оның 127-і - жоғары оқу орындарында, 702-і - техникалық және кәсіби білім беретін мекемелерде.
 
Ал, ірі мекемелерде 151 жастар комитеті бар. Сондай-ақ, елімізде 673 аула клубы жұмыс істейді.
 
Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін ашылған орталықтар саны жыл сайын артып келеді.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу