Жетісу облысында ер адам өзенге ағып кетті
Жетісу облысында 36 жастағы азамат Көксу өзеніне ағып кетті. Оқиға 10 мамыр күні Кербұлақ ауданына қарасты Көксу ауылының маңында болды. Ер адам өзен арнасынан тартылған темір арқанмен өтемін деп суға құлаған. Оның арқанға асылып, ағыны қатты өзеннің ортасына дейін жеткен сәті бейнекамераға түскен. Іздестіру жұмыстары сол күннен бері әлі жалғасып жатыр. 100-ге жуық адам судан да, жағадан да, дронмен де барлап денесін таба алмады. Көксу өзенінің таулы аймақтағы ағысы өте қатты. Оқиға болған күні жаңбыр жауып, су деңгейі едәуір көтерілген.
Қалдыбек Төлеуұлы, Жетісу облыстық ТЖД басқарма бастығы:
Қазіргі кезде судың ағынының қатты болуынан және бедерінің қиын болуына байланысты осы сәтте іздестіру-құтқару жұмыстарына кедергі келтіруде. Бүгінгі таңда іздестіру жұмыстары нәтиже бермеді. Жалпы жұмыстар жалғасуда.
Дамир Нұрмұхамед
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12