Алматыда «Абайдың асыл мұрасы» атты республикалық оқушылар байқауы өтті
Оған еліміздің барлық өңірінен қазақтың бас ақынының «Қара сөздерін» жатқа білетін 250 үміткер қатысты. Хәкімнің күллі адамзатқа арналған өсиетінің сырын ашуға талпынған жас дарындар, ерекше қабілеттерімен көрермендерді тәнті етті. Ұлы ақынның тағылымды сөздерін жастардың санасына сіңіріп, патриоттыққа тәрбиелеу - басты ұстаным. «Сондықтан, игі бастаманы дәстүрге айналдырамыз», - дейді ұйымдастырушылар.
Болат Әбділманов, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:
- Шенеуніктен бастап қарапайым еңбек адамына дейін Абайдың «Қара сөзін» оқуы керек. Абайдың өзінің философиясындағы аяушылық, имандылық, бүкіл дүниелердің бәрі осы сөздің астарында жатыр. Сондықтан, біз осы Абайдың «қара сөздерін» көбірек насихаттап, оқуымыз керек.
Руслан ҚОСАНОВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан оқушылары Балқан олимпиадасында топ жарды
08.05.2026, 17:25
Саз бен сөздің саңлағы Ілия Жақанов 90 жаста
08.05.2026, 17:22
Шымкентте «Даңқ» мемориалы мен бірнеше ескерткіштің аумағы тазартылды
08.05.2026, 17:19
Астанада «Анаға тағзым» аллеясы ашылды
08.05.2026, 17:18
Кезекте тұрған тұрғындарға жаңа баспана берілді
08.05.2026, 17:16
Ұлттық ұланның салтанатты шеруі өтті
08.05.2026, 17:14
Отан қорғаушы күні: Сахнадағы рух, елдегі сенім
08.05.2026, 17:12
Ақмола облысы Родина ауылында жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 17:08