Енді елімізде қамқоршылар мен қорғаушылар өз қамқорлығындағы азаматтардың мүлкін басқаруға рұқсат алу үшін үйден шықпай-ақ, онлайн өтініш жібере алады. еGov порталында жаңа қызмет түрі пайда болды. Сондай-ақ зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді алу үшін де жаңа қызмет қолжетімді. Бұл жүйе – бұрынғыдай көп қағаз жинауды азайтпақ. Өтініш берілген соң жауап 19 жұмыс күні ішінде өтініш иесінің жеке кабинетіне жолданады. Қажет құжаттарды қағаз түрінде де тапсыруға болады.
Динара Жарқынбек
