Петропавл жастары жауынгерлер рухына тағзым етті
Петропавл тұрғындары соғыс жылдары госпитальда қайтыс болған жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Соғыс жылдары теріскейде бес эвакуациялық госпиталь болған. Оның үшеуі облыс орталығында жұмыс істеген. Тарихи деректерге сүйенсек, 400-ден астам жауынгер ауыр жарақаттан қайтыс болған. Жеңіс күні қарсаңында ескерткіш маңы қалыпқа келтірілген. Бүгін зиялы қауым өкілдері, «Amanat» партиясының белсенділері, студенттер аталған медициналық нысандарда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.
Александр Зель, «Amanat» партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы:
200-ден астам адам госпиталь жанындағы зиратта жерленген. Сәуір айында барлық ескерткіштер қалыпқа келтіріліп, жөнделді. Бізге бейбіт өмірді тарту еткен жауынгерлерге қарыздармыз.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Д.Құдайберген өзі туралы деректі фильмнің трейлерін жариялады
09.06.2026, 10:33
Алуа Нұрман Токиодағы халықаралық турнирде күміс жүлде иеленді
09.06.2026, 10:32
Astana 2026 World Boccia Cup турнирі мәресіне жетті
09.06.2026, 10:31
Алматыда «Creative intensives» пилоттық жобасы басталды
09.06.2026, 10:30
Автокөлік бағасы арзандады
09.06.2026, 10:28
Қазақстандықтар зейнетақы қорынан 5,8 трлн теңге шешіп алған
09.06.2026, 10:27
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 10:18
Иран мен Израиль атысты тоқтатуға келісті
09.06.2026, 10:17