Оралда тоқ соққан жасөспірімнің жағдайы ауыр
Оралда 9 жастағы баланы тоқ соғып, жансақтау бөліміне түсті. Куәгерлердің айтуынша, көпқабатты тұрғын үй ауласында ойнап жүрген баланың добы электр бағанының сымдарына кептеліп қалған. Ол қосалқы электр стансаның шатырына шығып, допты аламын дегенде тоқ ұрған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметкерінің мәліметінше, қазір баланың жағдайы өте ауыр. Денесінің 95%-ын күйік шалған. Арнайы аппаратпен тыныс алып жатыр. Ал, полиция департаментінің ресми өкілі оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын хабарлады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12