Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қасиетті Тақтың Қазақстандағы Апостолдық нунциатурасына барып, Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Палата Спикері Понтификтің әділеттілік пен мейірімділікті насихаттаудағы еңбегін және мәдениетаралық диалогты нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті. Сондай-ақ Рим Папасының 2022 жылы Астанаға жасаған тарихи сапарына ерекше тоқталды. Кездесу барысында Понтификтің Қазақстанды «әралуандықта үндестік таба білген ел» деп бағалаған сөздерін қазақстандықтардың ыстық ықыласпен еске алатынын айтты.
Динара Жарқынбек
