Мемлекет басшысы UEFA президентін қабылдады
Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының қолдауына жоғары баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастырып, клуб менеджментін дамыту маңызды екенін айтты. Осы ретте Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бойынша ықпалдастыққа қолдау білдірді. Александер Чеферин біздің елмен серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясымен берік байланыс орнағанын атап өтті. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін Александер Чеферинді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22