Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Ясауи кесенесіне барып, зиярат етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Ясауи кесенесіне барып, зиярат етті

21.04.2025

Мемлекет басшысы Түркістанға барды. Рухани астанада Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовты қарсы алды. Мәртебелі мейманның сапары аясында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланбақ. Бейресми кездесу аясында қос басшы әуелі түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, зиярат етті. Олар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты. Содан кейін «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді. Мәртебелі меймандарға ұлттық тағам түрлері, кілем тоқу, киіз басу, қыш және зергерлік бұйымдар жасау сияқты халық қолөнері шеберлерінің туындылары көрсетілді. Сонымен қатар олар тазы мен қыран құстарды тамашалап, салт-дәстүрімізді айшықтайтын театрландырылған қойылымды көрді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу