23 сәуірде алғаш рет Ұлттық кітап күні аталып өтпек. Былтыр Үкімет Қаулысымен бекітілген еді. Жаңа мереке оқу мәдениетін насихаттап, кітапқа деген қызығушылықты арттыруды көздейді. Мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді. Бүгінде елордада 100-ден астам мектеп пен 9 колледж «8 минуттық оқу» жобасы жүзеге асырылған. Сабақ басталардан бұрын балалар мен студенттер 8 минут бойы көркем әдебиет оқиды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүзеге асқан бұл бастама, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Мұғалімдер «8 минуттық оқу» жобасы басталғалы балалардың білім дағдылары әлдеқайда жақсарған деп бағалайды.
Динара Жарқынбек
