СҚО-дағы Заречный кенті су қоршауында қалды
Петропавлдағы Заречный кенті су қоршауында қалды. Ықшам ауданға көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бекеттер қойылып, полиция күндіз-түні кезекшілік атқаруға кірісті. Мәселенің мән-жайын теріскейдегі тілшіміз Эльмира Кәленова баяндайды.
Эльмира Кәленова, тілші:
Қазір тұрғындар жаяу көпір және арнайы техниканың көмегімен қатынап жүр. Төтенше жағдай қызметі мамандарының айтуынша, әзірге халықты эвакуациялаудың қажеті жоқ. Заречный ауданында орналасқан мыңнан астам саяжай учаскесі су астында қалды.
Дмитрий Растихин, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:
Сергеев қоймасындағы су Петропавлға келеді. Болжам бойынша елдімекендерге тасқын қаупі төніп тұрған жоқ. Сондықтан әзірге тұрғындар эвакуацияланбайды. Ал саяжай учаскелерін жыл сайын су басады.
Эльмира Кәленова, тілші:
Қазір өңірде су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр. Мұндай құбылыс бұрын-соңды болмаған. Мамандар оны Ақмола облысында күннің кеш жылынуымен байланыстырып отыр. Судың деңгейінің көтерілуіне Көкше өңіріндегі Қалқұтан және Жабай өзендерінің Есілге құюы себеп болған. Сергеев қоймасындағы су ернеуінен 237 см-ге асып жатыр. Былтыр ең жоғарғы көрсеткіш 4 м 25 см болған еді.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05
Кеденде ақпарат алмасу күшейеді
21.10.2026, 10:04