Оралда колледж директорының үстінен түскен шағым қарала бастады
Оралда Саз колледжінің оқытушысы «Директор мұғалімдерден ақша жинайды» деп шағымданды.
Қала тұрғыны Әдиет Қаратаевтың айтуынша, колледж басшысы мамандығы сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа алған. Оқу орны әкімшілігі іс-шараларға қажет киім-кешек, құрал-жабдықтарды мемлекеттік сатып алу арқылы қамтамасыз етпейді. Керек-жарақты оқушылар мен мұғалімдер өз қаражатына сатып алады.
Әдиет Қаратаев, Құрманғазы атындағы Орал Саз колледжінің оқытушысы:
Бұл - тарихи колледж, 80 жылдық болды. Соның аясында бірнеше рет ақша жинау мәселесі тіркелді. Соның бірі – футболка сатып алуға, шырша отырғызуға деп, қайта-қайта ақша жиналды. Осындай қысым бізді шаршатты, шыны керек. Жұмыстан тыс уақытта жұмсау бар. Ротация керек басшыға. Нұржан Сертеков бүгінгі таңда 13 жылдан бері басшы боп отыр.
Қазір оқытушының шағымы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінде қаралып жатыр. Ал облыстық Білім басқармасы колледжде қызметтік тергеу басталғанын хабарлады.
Әділ Ахмет, облыстық Білім басқармасы бөлімінің бас маманы:
Қазіргі таңда зерделеу жұмыстары жүріп жатыр. Комиссия құрылды. Алдағы аптада қорытынды бағасын береміз.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04