Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы басталды
Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы басталды. Сот отырысы ашық әрі онлайн көрсетіледі. 16 жастағы Шерзаттың ісін тергеуде 8 бейнематериал зерттелген. Қылмыстық істің көлемі 62 томнан тұрады. Сот отырысына қатысқан әріптесім Қуан Нұрақын жалғастырады.
Қуан Нұрақын, тілші:
Сот залына 9 айыпталушы әкелінді. Барлығы - Талдықорғандағы тергеу изоялторында қамауда отырғандар. Біреуі кәмелетке толмаған - 16 жаста. Сот төрағасы Ержан Жанұзақов процестің ашық өтетіні туралы шешім шығарды. Яғни, Жоғары соттың YouTube каналынан кез келген адам сот процесін көруге жағдай жасалды. Судья БАҚ өкілдеріне сот процесін түсіруге рұқсат берді. Тек сотталушыларды фото-видеоға түсірмеуді сұрады.
Ержан Жанұзақов, Алматы облыстық сотының судьясы:
Бүгінгі сот отырысы ашық өткізіледі. Бірақ, құрметті БАҚ өкілдері, осы сот залында отырған барлық тұлғаны түсіруге болады. Тек қана сотталушыларды түсіруге тыйым салынады.
Қуан Нұрақын, тілші:
Осыдан кейін прокурор Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша айыптау актісін оқыды. Тергеу нұсқасына сәйкес, адам өлтіруге басты айыпталушы – Абзал Шынасыл. Ол Шерзатқа өлімге әкелген пышақ соққысын жасады деп айыпталып отыр. Сот отырысына айыпталушылар тарапынан 9 қорғаушы қатысса, жәбірленушілердің құқығын 7 адвокат қорғайды.
Ержан Құрақбаев, прокурор:
Анасы Бишембиеваның әжесі Кадированың жүргеніне қарамастан, олардың көзінше аса қатыгездікпен, бұзақылық ниетпен өзінің әрекетін қоғамға қауіптілігін ұғынып және олардың болуын қалап, Полаттың өмірлік маңызды органы - сол жақ жүрек тұсына қасақана бір рет жоғарыда көрсеткен ас пышағын сұғып алған.
Қуан Нұрақын, тілші:
Бүгінгі сот отырысы Талдықорған қаласындағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтті. Неліктен мұнда өтіп жатқанын Жоғары сот өкілі айыпталушылардың осындағы 71-мекемеде отырғанымен түсіндірді. Бүгін соттың алдын ала тындалымы болды. Негізгі сот 17 сәуірде таңғы сағат 10:00-де басталады. Әр бейсенбі және жұма күндері өтіп отыратыны хабарланды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті
23.07.2026, 17:26
«Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты
23.07.2026, 17:24
Ел жаңалықтарына шолу
23.07.2026, 17:23
Павлодар облысында ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ереже бұзуы 3 есе азайған
23.07.2026, 17:21
Отандық ұшқышсыз жүйелер мен кешендер «Спасск» полигонында сынақтан өтті
23.07.2026, 17:19
Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөлді
23.07.2026, 17:18
Биыл елде 150 ағза трансплантациясы жасалған
23.07.2026, 17:15