БҚО-да жол жөндеуге бөлінген 271 млн теңге желге ұшты
Оралда жол жөндеуге бөлінген бюджет қаржысы желге ұшты. Шаһарда 2019 жылдан бері 195 жобалау-сметалық құжаттама дайындалған. Алайда 68 жоба іске аспаған, қолдану мерзімі өтіп кеткен. Салдарынан құжаттама дайындауға бөлінген 271 миллион теңге негізсіз жұмсалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жол саласына сыртқы талдау жасап, 18 сыбайлас жемқорлық тәуекелді анықтады. Облыс бойынша тасжолдардың төлқұжаты болмай шықты. Сондай-ақ жұмыс актілері мен нақты орындалған жұмыс арасында 513 миллион теңге алшақтық анықталған.
Біржан Хайруллин, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыс бойынша департаментінің басқарма басшысы:
«Бөрлі-Ақсай-Жымпиты» жолындағы жобалық-сметалық құжаттама бастапқы кезеңнен 11 млрд теңгеге қымбаттау фактісі бар. Бірінші кезекте дұрыс жоспарламау, екіншіден, сол кезеңдегі пандемия жағдайлары және мердігер тарапынан да құрылыс-монтаждау жұмыстарын мерзімінде орындамау себеп болды. Жол саласындағы примитивті шаралардың нәтижесінде 550 млн теңге көлемінде бюджет қаражатының жымқырудың алды алынды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04