Алматыда бүлдіршінді қағып кеткен жүргізуші 2 айға қамалды
Алматыда 7 жасар қызды қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Қала прокуратурасының мәліметінше, шаһардың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты жүргізушіге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындаған. Тағылған айып бойынша жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 5 жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан шектелуі мүмкін.
Айта кетсек, Алматыда Боралдай көшесімен келе жатқан ауыр жүк көлігі жаяу жүргіншілер жолағымен келе жатқан 2017 жылғы баланы басып кеткен еді. Жеткіншек оқиға орнында көз жұмды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17